spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Көкшетауда карантин режимін бұзған мейрамхана жұмысын сот 30 күнге тоқтатты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда карантин режимін жиі бұзған «Меруерт» мейрамханасының қызметін сот 30 күнге тоқтатып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қанат Ысқақовтың айтуынша, «Меруерт» мейрамханасы шектеу шараларын жүйелі түрде сақтамаған.

Қолданыстағы тыйымдарға қарамастан, мейрамхана залдарға келушілердің көп санын жинап жұмыс істеді. Бұған дейін кәсіпкер бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Бірақ бұл шара ешқандай нәтиже бермеді.

«Қасақана карантин режимін бұзушылар (бірнеше рет бұзушылар) бойынша материалдар сотқа олардың қызметін 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы беріледі»,- деп атап өтті Қанат Ысқақов. Еске сала кетсек, өңірде карантинді сақтау бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғасуда. Жыл басынан мониторингтік топтар әртүрлі меншік нысанындағы 29752 объектіні тексерді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img