Батыс Қазақстан облысында автокөлік 4 жылқыны қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 қараша күні шамамен сағат 21.30-да Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында болды. Орал-Атырау тас жолының 290-шақырымында 30 жастағы жүргізуші «Ford Transit» автокөлігімен еркін жайылып жүрген 4 бас жылқыны қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан жануарлар оқиға орнында мерт болды. Малдың иесі анықталған кезде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 408-бабына сәйкес айыппұл салынатын болады.
Бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапқан еді.