spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Жақсы ауданынан Аида Ахметова «Үздік психолог» атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысында «Үздік психолог» байқауы өтті. Оның қорытындысы бойынша бас жүлдені Жақсы ауданының педагог-психологы Аида Ахметова жеңіп алды.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазан айының 21-22 аралығында ұйымдастырылған «Үздік психолог» сырттай байқауына облыстың білім ұйымдарындағы 19 психолог мұғалім қатысты.

«Байқауға қатысушылар – алдын ала іріктеу турының нәтижесі бойынша анықталған үздіктер. Байқауда өздерінің кәсіби біліктілігін ортаға салған тәжірибесі мен жұмыс өтіліне қарамастан әрбір қатысушы арнайы сыйлық алды», – деді ведомстводан.

Байқауға «жан туралы ғылымның» жас маманынан бастап, атақты корифейлері I – үш жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтар, II – үш жылдан жеті жылға дейін, III – жеті және одан да көп жыл санаттары бойынша қатыса алады.

«Облыстық байқаудың жеңімпазы ретінде бас жүлдені Жақсы ауданы Қима ауылының Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-психологы Аида Бейсенқызы Ахметова жеңіп алды», – деді ведомстводан.

Білім басқармасынан атап өткендей, байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – психолог мұғалімдердің кәсіби деңгейін, шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесінде практикалық психология қызметін жақсарту.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img