spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
8.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жолда қалған тоғыз жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, қарашаның 29-да жол-патруль полиция ротасының қызметкерлері, полиция капитаны Әсет Айтымов пен аға лейтенант Ерзат Есентаев «Екатеринбор – Алматы» тас жолының бойында, яғни Целиноград ауданының Ақмешіт ауылының тұсында «Iveko» шағын автобусының тоқтап тұрғанын байқаған. Кейін тәртіп сақшылары анықтағандай, көлік істен шыққан, ал салонда тоғыз жолаушы болған.

«Анықталғандай, автокөліктің от алдыру жүйесі қатып қалған. Сол себепті жүргізуші жол бойында тоқтауға мәжбүр болған. Жол-патруль полиция ротасының қызметкерлері жолаушыларды өтіп бара жатқан көліктерге отырғызып жіберді. Ал, сынған көлікті Нұр-Сұлтан қаласына сүйреп апарды», – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img