spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 100-ден астам отбасы баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысының үш ауданында жаңа пәтердің кілтін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Тұңғыш Президент күні Жарқайың ауданында 75 отбасына мерекелік қуаныш сыйлады. Аудан әкімі Мұрат Балпан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қалпына келтірілген көпқабатты тұрғын үйден жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырды. Үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болған көпбалалы ананың бірі – Жанар Мұқанова қуанышын бөлісті.

«Бүгінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлі де өзіме өзім сене алар емеспін. Біз сияқты көпбалалы отбасыларға ұдайы қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына алғысым шексіз», – дейді ол.

Жарқайың ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 259 миллион теңге қаржыға қалпына келтірілген. Сонымен қатар, ауданда облыстық бюджеттен тағы 60 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмысына ақша бөлінген.

Ал, Жақсы ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетімдер, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандарға 27 пәтердің кілті тапсырылды. Осы ауданда «TNK агрофирмасы» ЖШС екі пәтерлі жеті үй салды. Оның алтауын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті күні арналған мерекелік шара Бұланды ауданында да өтті. Онда аудан әкімі Талғат Ерсейітов «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерде тұратын көпбалалы төрт отбасына жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша тұрғын үй құрылысы саласында 5 мыңға жуық пәтер тапсыру жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img