spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада көп балалы аналарға арналған жаңа жоба жүзеге аспақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Отбасы және балалық шақ» орталығының бас директоры нәзік жандыларға арналған «Қызыл киіз үй» авторлық жобасын таныстырды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Әйелдер қауымы, әсіресе көпбалалы аналар сондай ақ, кез келген еңбек сүйгіш азаматшалар бұл мектептен қосымша жұмыс көзін табу арқылы өз кәсібін жаңғыртуына да болады. Дамелі Койшинаның айтуынша, қазіргі таңда  nails стилисті, lash maker, шугаринг шебері, тігінші, пішуші, массаж жасаушы, бала күтушісі, гувернант, үй қызметшісі сияқты 11 курс бойынша білім беріледі. Курс ақысы әртүрлі, дегенмен қалыптасқан бағадан сәл төмендеу төлеу қарастырылған.

– Біз расында да қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесеміз. Тәжірбиемізде неше-түрлі ауыртпалыққа тап болғандарды кезіктірдік. Жағдайын айтып орталыққа келетіндер біздің қолдауымызға зәру, көмекке мұқтаж. Біз отбасыларға үнемі көңіл бөліп, көмек қолын созуға тырысамыз,-дейді Дәмелі Койшина.

«Ақмола облысы іскер әйелдер ассоциациясының» төрайымы Дәмелі Қойшинаның айтуынша көпбалалы аналар біреуден көмек күтпей-ақ өз-өздерін де дамытуды әрі өз жағдайын жақсартуды үйренуі тиіс.

-Біз көп балалы отбасыларға қолұшын созамыз. Бірақ олар мұның уақытша екенін түсінуі қажет. Сондықтан менің көздеген  мақсатым көп балалы  аналардың өзін-өзі дамытуға көмек беруге бағытталып отыр. Біздің  педагогтарымыз тек өз істерінің  шебері ғана емес олар да ешкімге тәуелді болмай қаражат тапқысы келетін көп балалы  аналар. Сонымен қатар біздің курстар әйелдердің өз-өзіне сенімділігін күшейтеді. Көп жағдайда өз-өзіне сенімсіздіктен, өзінің сүйікті кәсібін таба алмағандығынан өмірден өз орнын таба алмай жүргені жасырын емес, –  деді ассоциация төрайымы.

Орталық карантин аяқталғаннан кейін бірден жұмысын бастамақ. Онда фитнесс-залы, тігін цехы, бьюти студияларын ашу да жоспарланыпты. Мұнымен қоса арнайы әйелдерге арналған көлік жүргізу курстарын жасауға да  келіссөздер жүріп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img