spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-25.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Жеке батыр» базары мен «Алтын плаза» СҮ медицина қызметкерлеріне азық-түлік жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда кәсіпкерлер күндіз-түні кезекшілікте тұрған дәрігерлерге азық-түлік жеткізіп берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгінде Ақмола облысы ауруханасы жанындағы тері-венирологиялық диспансерінде  дәрігерлер күнделікті кезекшілікті атқаруда. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жатаққанасында 28 ақ халаттылар тұрып жатыр.

Төтенше жағдай режімі енгізілгелі бері дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысына алғыс айтып қана қоймай, оларға қиын-қыстау кезеңде қолдау танытып, азық-түлік, керек –жарақпен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпкерлеріміз де бар.

Коронавирус пандемиясы кезінде аурухана қабырғасынан табылып, науқастарға ем-дом жүргізіп жатқан дәрігерлерін «Жеке батыр» шағын базары мен «Алтын плаза» СҮ-нің әкімшілігі азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Жақындарын көрместен , оқшауланып, науқастарға ем жүргізіп, бастарын бәйгеге тіккен қаншама медицина қызметкерлеріміз бар. Сол себепті азық-түлік жиынтығын жеткізген кәсіпкерлерімізге алғыс айтамыз. Тұрғындарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға бар күшін салып жатқан дәрігерлерге қолдау әлбетте, қажет. Сол себепті жергілікті кәсіпкерлер көкөністер мен жеміс-жидек, жарма мен ұн өнімдерін, сүт, май, тауық етін ақ халаттыларға табыстады,-дейді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ельдар Абуев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика