spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда өнер шеруі аясында мәдениет саласын серпілту мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!» тақырыбындағы консультативтік кездесуі өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Кездесу «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында ұйымдастырылуда.

Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысып, іс шараның негізгі міндеттемелері мен дәстүрлі өнер шеруін ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

Бұл мәдени шеруді өңірлерде өткізудегі мақасат – аймақтардың мәдени әлеуетін арттырып, түрлі жобалар аясында көптеген жұмыстарға жаңаша серпін беру. Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланғалы бері 300-ге тарта облыстық, республикалық деңгейде іс шаралар өткізілді. Осының арқасында жергілікті жердің мәдениетіне қан жүгіріп, бірқатар жұмыстар атқарылды деп ойлаймыз. Келесі жылы да өңірлердің мәдениет саласындағы жетістіктерін ескере отырып, еліміздің мәдени астанасын анықтайтын боламыз. Қазақстанның мәдени астанасы «Рухани қазына» республикалық фестивалі аясында белгілі болады. Осы өңірдегі барлық мәдени шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқан облыс басшылығына алғыс айтамыз, -деді ол.

Ал, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова аймақта жұмыс істеп тұрған мәдени нысандардың жұмысы мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталды.

Халқымыз ежелден төл өнері мен мәдениетіне ерекше мән беріп, оны бізге аманат етті. Сол себепті біз үшін жергілікті халықтың төл өнерін қастерлеп, сана биігіне қою әрдайым бірінші орында. Биылғы жылы Көкшетау еліміздің бас мәдени қаласы атанғаны үшін қуанғанымыз рас. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік болды. -деді Айна Ермекқызы.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы да дәстүрлі өнер фестивалін жыл сайын әр қалада өткізудің өзіндік ерекшелігі мен басты мақсаттары бар екенін айтып өтті.

Жиын барысында филармониялар мен концерттік ұйымдарының, халық шығармашылығын дамыту орталықтарының директорлары мен  шіеберлік сағаттарына шақырылған мамандар спикерлерге сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар Ақмола облысының Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени дамуы, ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінің өзекті мәселелері төңірінде баяндамалар жасалып, саланы серпілту бағытында ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

«Сәлем Елорда!» өнер шеруінің жабылу салтанаты «Көкшетау» мәдениет сарайында гала-концертке ұласты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img