spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Көкшетаулық колледж студенті халықаралық жобаның жеңімпазы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

«ТМД елдері үшін 100 идея» ТМД мемлекет қатысушылары халықаралық жастар жобасында «Өнеркәсіптік инфрақұрылым және көліктік жүйелер» аталымында «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» жобасы үшін Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің 4 курс студенті Қайыр Әлихан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«ТМД үшін 100 идея» жобасы – мақсаты жастардың инновациялық қызметін белсендендіру, ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге тарту болып табылатын жастар саясаты саласындағы бірегей шаралардың бірі. Жоба сондай-ақ түрлі елдер арасындағы жастар өкілдері арасында шығармашылық және академиялық қабілеттерге ие жастар арасындағы байланысты нығайтуға, жастар арасында іскерлік және инновациялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

«Бүгінгі таңда автоөндірушілер қоршаған ортаға зиянсыз және әрі салыстырмалы түрде арзан қымбат жанармайға мұқтаж болмайтын күшті агрегат алу үшін тұрақты жұмыс істеп жатыр. Осындай қозғалтқыштардың арасында дизельдік және бензин қозғалтқышын ауыстыра алатын сутегі қозғалтқышын бөліп алуға болады», – дейді Қайыр Әлихан.

Сонымен қатар халықаралық жобада Ақмола облысының атынан ел намысын Жоғары техникалық колледжінің студенттері Э.Валл, М.Қайыр, М. Соколовский, «Болашақ сарайы» физика және баламалы энергия көздері зертханасының тәрбиеленушісі А.Қошанов пен ғылыми-интелектуалдық бөлім меңгерушісі Е.Айшуақ, Ш.Уәлиханов атындағы университеттен И.Богаповтар қорғады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img