spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

«Сәлем Елорда»: Көкшелік өнер саласының 230-ға жуық маманына сертификат табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда өтіп жатқан Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сәлем Елорда» атты аймақтық өнер шеруі аясында үш күндік мастер- клас өткізіліп, көкшелік 230 маманға курсты аяқтағанын айғақтайтын сертификат табысталды, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Көкшетауда 12 қазанда ҚР мәденеиет министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Сәлем Елорда» атты аймақтық өнер шеруі өткізілуде.

Биылғы жылы Көкшетау қаласы Қазақстаның мәдени астанасы статусына ие болғаны белгілі. Осыған орай Көкше жерінде ұйымдастырылып жатқан айтулы шара барысында бірқатар көкшелік мәдениет және ағарту саласының мамандары танымал өнер иелерімен тәжірбие алмасты.

Мастер класты өткізудегі мақсат -тәжірибе алмаса отырып, мәдениет пен өнер саласындағы дағдыларды, сондай-ақ республиканың үлгілі орындаушыларымен емін-еркін алаң құру.

Нәтижесінде облыстық филармонияларда SММ, арт-менеджмент және хореография саласының мамандары мен сондай-ақ бірқатар кітапхана басшылары іс тәжірбиеден өтіп, арнайы сертификатқа ие болды.

Сонымен қатар хореограф мамандары үшін «Биші қайың»шеберлік сыныптары өткізілді. Онда филармониялардың, концерттік ұйымдардың, облыстық халық шығармашылығы орталығының балетмейстерлері дәріс оқыды.

Содан соң «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!» тақырыбындағы консультативтік кездесуі өткізілді.

Кешке іс шараның жабылуына арналған  Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» ұжымы қатысатын гала концерт өтпек.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img