spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Соңғы бір айда Қазақстаннан Ауғанстанға 60 мың тоннадан астам ұн жіберілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. Бұл ретте Ауғанстан негізгі емес, қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі болып табылады. 2020 жылы ҚР-да өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді. Бұл туралы «Aqmola News» Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.

«Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың сақталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда, қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді.

Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің хабарламасында экспорттық баждарды енгізуге қатысты мәселе бұрын талқыланды, бірақ Мемлекет басшысы осы жылдың қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде бұл шаралардың уақытынан бұрын жасалғандығы туралы пікір білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img