spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолада 90-нан астам оқушылар экологиялық жобаларын таныстырды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Табиғат бесігі» жобасымен ZOOM платформасында жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің «Табиғатты аяла!» атты облыстық форумы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум жұмысына Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Жарқайың, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларынан 93 оқушы қатысты.

Қазылар алқасы ретінде Шағалалы селосындағы жоғары агротехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Райхан Нарбаева, Қатаркөл селосындағы агротехникалық колледжінің оқытушысы Алмагүл Иманқұлова, Щучинск қаласы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Анар Сеитовалар шақыртылған.

Қатысушылар өз жұмыстарын алты аталымда қорғады.

«Туған өлке тарихы» аталымында балалар өз өлкесінің табиғаты, көрікті орындары, табиғи нысандары мен қорық аумақтарын 3D форматында таныстырып берді,

Ал «Жасыл экономика» аталымында экология және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану және енгізу, ынталандыру және дамыту бағыттары бойынша жобалық-зерттеу байқауы болды.

 

«Денсаулық және қоршаған орта» аталымындағы жобада қатысушылар денсаулық сақтау, экологиялық акция және адам денсаулығын қорғауға бағытталған табиғатты сақтау шаралары, адам денсаулығына қоршаған ортаның ықпал етуі саласындағы тәжірибелері мен білім деңгейлерін көрсетті.

«Жасыл оазистер» аталымында еркін стильде экодизайнерлер флористика ережелеріне сәйкес өсімдік материалдарын қолданып байқауда бақтарын сынады.

Барлық форум қатысушыларына сертификаттар табысталып, аталым жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, құнды сыйлықтармен, ал командалар жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img