spot_img
Сенбі, Маусым 1, 2024
19.2 C
Kokshetau

Жыл басынан бері 2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді – Еңбек министрлігі

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 614,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 390,1 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылдың қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 67,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,3 млрд теңге бөлінді. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 229 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 99 887 теңгені құрады», – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

«Зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ын, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады», – деп жазады Еңбек министрлігі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өмірдің мәні де, сәні де бала

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өткізіп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img