spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Көкшетауда жылумен қамту жұмыстары тұрақтандырылды -Бауыржан Ерназаров

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жылумен қамту жұмыстары тұрақтандырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ақпаратына сәйкес, б иыл Көкшетауда жылыту маусымы қала тұрғындарының өтініші ескеріле отырып, 22 қыркүйекте басталды. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, суыққа дайындық жұмыстары әзірленген іс-шараларға сәйкес жүргізілді.

«Құбырдың тығыздығы мен беріктігін анықтау үшін гидравликалық сынақтар жүргізілді, магистральдық және орамішілік жылу желілері ауыстырылды, сорғы станцияларының технологиялық және электр жабдықтарын тексеру және жөндеу, сондай-ақ 6698 бірлік көлемінде бекіту арматурасын тексеру және жөндеу жүргізілді», – деді Бауыржан Ерназаров.

Ол атап өткендей, облыс орталығындағы кейбір шағынаудандардағы үйлерде жылудың тұрақсыздығы, қолайсыз температура объективті себептермен туындаған.

«Қала нысандарын жылумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстары негізгі жылу магистралі арқылы жүзеге асырылады. Алайда, тұтынушылар санының ұлғаюына байланысты кейбір тұрғын үйлерге жылу қуаты жеткіліксіз болды. Сондықтан 4 қарашада құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған қосалқы жылу магистралінің құрылысы мен қайта жаңартылуын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Жұмыстың өзі тамыз айында Ресейде арнайы тапсырыс бойынша екі ай дайындалған диаметрі 1000 құбырды күтуге байланысты басталды. Краснояр және Застанционный кентіндегі жергілікті қазандықтарға келетін болсақ, онда жұмыс штаттық режимде жүргізілуде. Жылу беру маусымы басталғаннан бері шағымдар болған жоқ», – деп түсіндірді Бауыржан Ерназаров.

Жергілікті биліктің айтуынша, жылумен қамтамасыз ету жағдайы бақылауда. Бүгінгі таңда температура режимі бекітілген жылу кестелеріне сәйкес сақталған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img