spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
16.2 C
Kokshetau

Ғарышта алғаш рет кино түсіріледі: Байқоңырдан арнайы экипаж ұшып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» көліктік басқарылатын кемесімен бірге «Союз 2.1 а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко ғарышта алғаш рет көркем фильм түсіру үшін Халықаралық ғарыш стансасына аттанды.

«Вызов» атты драма ғарышкердің өмірін құтқарып қалу үшін орбитаға ұшатын дәрігер әйел туралы. Ұшырылым сәтті өтті. «Союз 2.1а» зымыран-тасығышы Нұр-Сұлтан уақытымен 14 сағат 55 минутта ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылды. Оларды шығарып салуға көптеген қонақтар, соның ішінде танымал ресейлік актерлер, ғарышкерлер, Бірінші арна басшылығы, БАҚ өкілдері келді.

ХҒС-66 экипажы 3 сағат 17 минуттан кейін Халықаралық ғарыш стансасына жетуі тиіс.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img