spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Ерлан Қиясов; Қазақстандағы COVID-19 балалар вакцинасы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцина алғандар көбеюде және вирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer вакцинасы жыл соңында жеткізіледі. Осы жаңалық туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларды вакциналау қандай мерзімге жоспарлануда? Балаларға қандай вакциналарды ұсынар едіңіз?

– Қазіргі уақытта 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау мәселесі министрліктің консультативтік органы – ҚР халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясында (ИКК) талқыланып жатыр. ИКК ұсынымын алғаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады. Айта кету керек, қазіргі уақытта COVID-19-ке қарсы Pfizer-BioNTech вакцинасы – 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді жалғыз вакцина. Осыған байланысты, біздің министрлік Pfizer вакцинасына 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбек жағдайын қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр (Pfizer вакцинасы үшін ультратөмен температуралық режимді – минус 60 -90 градусты сақтау қажет). Жасөспірімдерді вакциналауға арналған вакцина шамамен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізіледі. Бұл ретте вакцина салатындарды толық ақпараттандырып, өздерінің ерікті келісімін алған соң, ата-аналарының немесе ресми өкілдерінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 932 өтініш түсті. Бұл туралы брифинг барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика