spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Италияда жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Миланда жекеменшік ұшақ әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай кеңсе ғимаратына соғылған. Борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапқан. Ғимарат бос болған, жерде ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды  ВВС.

Ұшақ Миланның Линате әуежайынан ұшып шыққан және Сардиния аралына бет алуы керек еді, бірақ Миланның шетінде құлаған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ үйге құлап, жарылған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде бала да бар.

«Ұшақ қозғалтқыштарын өшіргендей дыбыс естідім. Содан кейін өте қатты жарылыс болды. Әйнектеріміз дірілдеді. Мен терезені ашып, будақтаған түтіннің көтеріліп жатқанын көрдім», – деді Рейтер агенттігіне жергілікті тұрғын Джузеппе.

Rai TV телеарнасы хабарлағандай, ұшақ бортында француздар болған, бірақ бұл ақпарат ресми түрде әзірге расталған жоқ. Апат Миланның оңтүстік-шығысындағы Сан-Донато Миланезе метро станциясына жақын маңда болған.

Ғимараттағы өрт көп ұзамай сөндірілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img