spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы онлайн форматта өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз
30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».
Форум аясында мемлекеттер басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.
Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді.
«Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланған», – деп жазды Берік Уәли.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет!» деп аталатын ТEDx...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img