spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
11.6 C
Kokshetau

Шортанды ауданында балабақша өзінің 55 жылдығын атап өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданы, Новокубанка ауылында орналасқан «Гүлдер» балабақшасы ауданның ең көне балабақшаларының бірі. Бүгін білім ордасы өзінің 55 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Салтанатты құттықтауға аудан әкімінің орынбасары Мерей Ақшалов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлнұр Сәдуақасова, облыстық мәслихат депутаты Ирина Жукова және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов қатысты. Олар жиналған қауымға адал еңбегі үшін алғыс айтып, білім беру мекемесінің ұжымына естелік сыйлықтар табыс етті.

Балабақша меңгерушісі Гүлжан Аленованың айтуынша балабақшада осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерген.

«Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді. Бірақ әр балаға құрметпен, ұқыпты қарау, ынта, адалдық, бастама және қызметкерлердің шынайы қызығушылығы өзгеріссіз қалды. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерімізге мүмкіндігінше шығармашылық ойлауды дамыту, оларды дағдыландыру және ересек қоғамдағы өмірге барынша дайындау», – деді балабақша меңгерушісі Гүлжан Аленова.

Шара соңы балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің қатысуымен құттықтау концертіне ұласты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img