spot_img
Бейсенбі, Шілде 9, 2026
27.8 C
Kokshetau

Ақмола облысы мұражайлары экспонаттарының көрмесі Ыстанбұлда өткен қазақтардың кіші құрылтайында таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ыстанбұл қаласында өткен қазақтардың «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі»  кіші құрылтайында «Ордалы Елге 30 жыл» мұражайларының көрмесін ұсынды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Кіші құрылтайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп «Отандастар қоры» ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркия мен Еуропа елдерінен қазақ қауымдарының 100-ден астам өкілдері, Қазақстанның мәдениет мекемелері мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кіші құрылтай бағдарламасы көптеген мәдени-ағарту іс-шараларын қамтыды.

Ауқымды шара аясында Ақмола облысының мұражайларынан түрлі экспонаттар көрмесі ұсынылды.

«Бұл жауапты әрі маңызды міндет Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен жүзеге асырылды. Еліміздің Тәуелсіздік мерейтойына арналған және қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын бейнелейтін көрме әлемнің түрлі елдерінен келген отандастарымыздың көңіл — күйін көтерді», — деп хабарлады облыстың мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы бас консулы Әлім Байел мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков ақмолалықтарға осы көрмені ұйымдастырғаны үшін зор алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, құрылтайдың қорытындысы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай отандастарымыздың Үндеуі қабылданды. Бірқатар қатысушылар «Кіші құрылтай» төсбелгісімен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика