spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.2 C
Kokshetau

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Cиноптиктер 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Республикамыздың батыс аудандарына солтүстік антициклон әсер ете бастайды – ауа температурасының төмендеуі байқалады. Қазақстанның қалған территориясына солтүстік-батыс циклоны өз әсерін сақтайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста жел күшейеді», – делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі, күндіз желдің 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай ойнап, батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік шығысында жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Түрістан облысының тауларында найзағай, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика