spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмола колониясында балалар ойын алаңдарын жасау жолға қойылды.

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар қаласында сотталушылар балаларға арналған ойын алаңдары конструкцияларын құрастыруда. «Еңбек-Көкшетау» РМК филиалының №3 өндірістік учаскесінде жасалған ойын алаңдары қазір балалардың қолдануына әзір тұр, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Тапсырыстарды дайындау үшін металл өңдеу цехына 11 сотталушы жұмысқа орналастырылған.

«Олардың әрқайсысы өз ісімен айналысады. Біреулері алаңның қоршауын әзірлесе, енді біреуі кешенді гимнастикаға арналған бөренелер мен қабырғаларды, урналарды дайындайды. Жұмысшылар бағыттар бойынша бөлініп, балаларға арналған әткеншектер, лианалар мен теңгергіштерді бір бөлек, ағаштан жасалған бөлшектерді бір бөлек істейді. Ал дайын болған ойын алаңының конструкцияларын сотталушы Сергей мен Александр қызылды-жасылды түстерге бояйды», – Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен.

Сотталушылар да өздерінің қолдарымен жасалған дүниелердің балалар үшін жасалғанына қуанатынын жасырмады.

«Біз шын жүректен тырыстық. Балаларды қуантқымыз келеді. Қазіргі пандемия жағдайында балалардың көпшілігі уақытын телефонда өткізеді. Сондықтан біз олардың денсаулығына пайдалы, уақытын көңілді өткізіп, ашық ауада спортпен шұғылдануы жағдай туғызу үшін балалар ойын алаңдарын көз тартатындай етіп жасауға барынша назар аудардық», – дейді сотталушы Александр.

Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 мекемесінде бұл балалар алаңдарын жасауға бұл алғашқы тапсырыс емес. Қазіргі күні төрт кешен әзір тұр. Ал бұған дейін де сотталушылар жергілікті балаларға арналған спорт алаңдарын әзірлеген. ,

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img