spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.9 C
Kokshetau

Білім кеңістігіне берері мол

Сондай-ақ...оқыңыз

    Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі Еразақ  Манапұлының еңбегі көпке үлгі.

Ғұмырын еңбек етуге, өзгеге  сәуледей болса да жақсылық жасауға құмар, біреуге кең жүректі аға, екіншіге ізетті бауыр, жанашыр дос болғаны үшін әріптестері қадір тұтады. Оның өзгелерден айырмашылығы қарапайымдылығы мен қанағатшылдығында. Өр рухты, қырық жыл еңбек жолын халыққа қызмет етуге арнап, қара қылды қақ  жарған, білікті де білімді жанның кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол.

Талай шыңды бағындырған ағамыздың еңбек жолы ғибраты көп кітап секілді. Кітап оқыған сайын кеудең  ашылып,  көңілің нұрланатыны секілді, ағамыздың өмір жолына үңілген сайын өзіңе деген сенімің артып, ертеңге деген үмітің самаладай жарқырайды.

Өмір тағдырлы жандарға толы. Бұл тартыста бүгінді емес, келешекті болжаған, өзіне емес, көпшілікке қызмет жасаған, жалқының  емес, жалпының қамын жеген жаңдардың шоқтығы биік, еңбегі бағалы, мұндай жандар өзінің ғана бейнесін сомдап қоймайды, өзімен бірге қоғамның, ортаның кескін-келбетін қалыптастырады.

Өнегелі өмірі, бекзат болмысы   ғылымға  біте қайнасқан дара жолдың иесі заң ғылымның докторы, профессор Еразақ Манапұлы Түркістан қаласының  тумасы, ол екінші қаңтарда 1961 жылы дүниеге келген.

Өрлеу мен өсуден тұратын өмір жолында Еразақ Манапұлы қарапайым мұғалімнен институт басшылығына дейін қызмет атқарып құқық қорғау саласында лейтенанттан полковникке дейін шенін өсірді, ғылымда- ғылым докторын иемденді.

Дана халқымыз «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтпаса керек. «Бірінші байлық – денсаулық» десек Еразақ Манапұлы салауатты өмір салтын ұстанып, бүгінгі жастарымызға ғибратты үлгі болып келеді.

Терең танымдық ойларын тыңдай отырып,  ағаның өмірден көргені,  көңілге түйгені мол екенін байқадық, кісілік келбетін  таныдық. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Абайдың «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»  деген  өсиетін өмірде мұрат тұтқан ағамыз айналасын шуаққа толтырып отырған жайы бар.

Ортасына ізгіліктің нұрын шашып, көпшіліктің ризашылығына бөленген әріптесімізге кафедраның  атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына баянды бақыт және ел игілігі жолындағы қызметіне толайым табыс тілейміз!

 Ерлан Наурызбаев,

Заң  ғылымдарының магистрі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img