spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.2 C
Kokshetau

Зеренділік диқандар егін орағы науқанын ерте аяқтауды жоспарлап отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Зеренді ауданының диқандары ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланып қалуға асығуда. Аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі – «Викторовское» ЖШС диқандары тәулік бойы жұмыс істеп, егін орағы науқанын ерте аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының басқармасының баспасөз қызметі.

Серіктестік аграномы Өміржан Қожахметовтың айтуынша, 30 жыл ішінде егін шығуы үшін мұндай құрғашылық жыл болған жоқ. Көктемде егін егуде қиындықтар туды, жаз жаңбырсыз болды, карантин де алаңдаушылық тудырды.

Бірақ диқандар бар күшін салып, жоспар межесінен шығуда. «Викторовское» ЖШС-нің 17 мың гектардан астам егістік алқабы бар. Оның ішінде 8,7 мыңы – бидай, 2,5 мыңы – арпа, 1,5 мың гектардан астам жасымық, сондай – ақ зығыр отырғызды. Соя және басқа да дақылдар бар. Отыз жылдық тәжірибемде мұндай жаңбырсыз жаз бірінші рет болып отыр. Соған қарамастан егініміз бітік шығып, алтын астықты қамбаға құйып жатырмыз. Қазіргі кезде, егіс алқаптарындағы барлық астықтың 65 пайыздан астамы бастырылды. Бұл биылғы құрғашылық жылында жақсы көрсеткіш», – дейді Өміржан Қожахметов.

Серіктестік аграномы егін орағы жұмыстары тәулік бойы жүргізілетінін, түскен астық элеваторларға жетікізілетінін атап өтті.

«Ауа райы жақсы болып тұрғанда кезде ширақ қимылдап жатырмыз. Алдағы күндер ашық болса, науқанды қыркүйектің 25-не дейін аяқтаймыз. Науқанға 50-ге жуық жұмысшы, 10 комбайн, 8 жүк көлігі және 3 трактор жұмылдырылған. Дала төсінен жеткізілген астық қырман басында тазаланып, бірден Щучье қаласындағы элеваторға жөнелтілуде. Қазіргі кезде, келер жылға қажетті 3 мың тоннада астам тұқым қорын да жасап қойдық», – деп түйіндеді Өміржан Қожахметов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img