spot_img
Сенбі, Тамыз 2, 2025
16 C
Kokshetau

14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер жексенбі, яғни 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел күшейеді», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз шығысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 18 м/с дейін күшейеді.

Таңертең және күндіз Қостанай облысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен соғады.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с соғады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, орталығында тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік түседі.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика