Ақмола облысының, Сандықтау ауданында болған су тасқынының салдары төтенше жағдай қызметкерлерімен қалпына келтірілуде, – деп хабарлайды «Aqmola news».
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советовтың айтуынша, су тасқынынан 7 сәуір күні Балкашино селосында екі тұрғын үй суға кеткен. Су тасқыны секундына 30 метр секунд жылдамдықпен соққан желдің салдарынан болған. Су басқан үйлердің аумағында суды сору, құм және қиыршық тастар төсеу жұмыстарды жүргізілген.
Тілсіз жаумен түні бойы арпалысқан төтеншеліктер таңғы сағат сегіздер шамасында толассыз аққан тасқын суды тоқтаты.
8 сәуір таңғы сағат 8-00-де төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан екі үйдің ауласындағы суды сорып алды. Түні бойы 2 мың текше метрден астам су сорылып алынды. Құтқару жұмыстарына 10 мотомпомп мен жеке құрамның 10 сарбазы жұмылдырылды, – деді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.