Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Своя игра » зияткерлік викторинасы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, облыстық жастар ресурстық орталығы, викторина студенттердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, Қазақстан халқының басқа да тілдерінің білімін кеңейту, жастардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
Викторинаға бес команда қатысты, олардың әрқайсысы үш қатысушыдан тұрды. Студенттер тарих, әдебиет, мәдениет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі тілдердегі мақал-мәтелдер туралы білімдерін көрсетті.
«Ойын жоғары деңгейде өтті. Әр команда қызығушылық пен белсенділік танытты, командада жұмыс істей алды. Студенттер мемлекеттік тілді ғана емес, басқа тілдерді де жақсы білетіндерін көрсетті. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және оларға табыс тілейміз», – деп атап өтті жастар ресурстық орталығының маманы Ақылбек Ахметов.
Зияткерлік ойын соңында әр командаға ұйымдастырушылар атынан сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, өңірде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында екі мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.