spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында Тәуелсіздік мерейтойына арналған фотокөрме ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетау» мәдениет сарайында «Тәуелсіздік – еркіндігім, қасиеттім, қастерлім!» ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фотоқұжаттардың көрмесі өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасында атап өткендей, іс – шараның мақсаты-туған өлке туралы білімдерін кеңейту, тарихи-мәдени мұраны, облыстың 30 жылдық кезеңдегі түрлі қызмет салаларындағы жетістіктерін дәріптеу, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

19 ролл роликтен тұратын жылжымалы көрме Ақмола облысының аудандары мен қалаларының мемлекеттік мұрағаттарының фотоматериалдары бойынша дайындалды.

Іс-шараға түрлі мемлекеттік органдардың, этномәдени, ардагерлер мен жастар бірлестіктерінің өкілдері, оқу орындарының студенттері қатысты.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

«Бұл фотокөрменің құндылығы онда облыстың әр ауданы мен қаласының тарихы көрсетілген. Әрбір фотосуретте мәдени, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, жетістіктер туралы үлкен ақпарат бар, бұл келушіге сол уақыттың рухын, біздің облысымыз бен республикамыздың қалыптасу және даму кезеңдерін сезінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Іс-шара барысында архив қызметкерлері қонақтарға әр коллекция туралы егжей-тегжейлі айтып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, мерейтойлық жылы өңірде «Алты алаштың Жамбылы» және «Ұлы дала жауһары»атты көрмелер де табысты өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика