spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
20.7 C
Kokshetau

Көкшетаулық кәсіпкер кезекшіліктегі дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ауруханасы жанындағы тері-вениролгиялық диспансерінде карантинде жатқандарға медициналық бақылау орнатылған. Мұнда 28 ақхалатты дәрігер күндіз түні кезекшілікті қамтамасыз етуде,-деп хабарлайды «Aqmola News». 

Бүгінде 28 көкшелік дәрігерлер Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттер үйінде тұрып жатыр. Олар үй бетін көрместен оқшауланған тұлғалардың денсаулығын бақылауда.

Төтенше жағдай кезінде медициналық ахуалды қамтамасыз етіп жатқан дәрігерлердің жұмысына алғыс айтушылардың қарасы көбейген.

«Дәулет» жеке кәсіпкерлік жетекшісі Ардақ Ержанова 28 медқызметкерлерге ыстық тамақ ұйымдастырды.

  • Қиын қыстау кезеңде бір-біріне қол созу қанымызда бар қасиет. Эпидемия кезінде  халықтың денсаулығын сақтап қалу үшін үкімет барлық тиісті шараларды қолға алды. Мұндай сәтте дәрігерлер мен ғалымдарға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мамандарға алғыс айтуымыз орынды. Әсіресе, ақ халатты абзал жандардың атқарып жатқан шаруалары оңай емес. Сондықтан «Бірлігі күшті елдің берекесі тасыр…»  атты бастама көтеріп, жергілікті дәмханалар мен басқа да мейрамхана иелеріне осы эстафетаны жалғастыруды ұсынамын,-дейді  Ардақ Ержанова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика