Asia Waters өндірістік және сауда компаниясы қазақстандықтарды профилактикалық жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін антисептиктерді шығаруды бастады,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Коронавирустық пандемия жағдайында елімізде жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі туындады, соның салдарынан қазақстандықтар өздерін мүмкіндігінше жұқтырудан қорғай алмауда. Қорғаныс құралының және «дәрілердің» бірі – бұл антисептик.
Asia Waters өндірісті жартылай қайта жандандыруға және елдегі тапшылықты жою үшін антисептикалық препараттарды өндіруді бастауға шешім қабылдады.
- Нарықтың антисептиктерге деген шұғыл қажеттілігін ескере отырып, шешім жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыруға байланысты қосымша қаржылық шығындарға қарамастан дереу қабылданды. Осы уақытқа дейін біз елімізде күшті алкогольдің жалғыз өндірушісі болып табылатын едік, ендігі уақытта, тиісті мемлекеттік органдарда тез тіркеліп, сертификаттаудан өтіп, сапалы және қауіпсіз антисептикалық препараттарды қол жетімді бағамен шығаруды ұйымдастырдық,- дейді Asia Waters коммерциялық директоры Руслан Ламанов.
0,5 литр, 1 литр және 5 литр көлеміндегі «АСЕПТДЕЗИН» антисептиктерінің алғашқы партиясы «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның («Asia Waters» компаниясының құрамына кіреді) ірі өндіріс орындарының бірінде шығарылды. Антисептикалық рецепт, ДДҰ ұсынымдары бойынша, «Кентавр» Ақтөбе спирт зауытының технологтарымен жасалған. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес, антисептик Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеуден және сертификаттаудан өтті, бұл оның қауіпсіздігі мен сапасын растайды.
KMW директоры Станислав Максимецтің айтуына қарағанда 15 сәуірге дейін 600 мың литр антисептик жоспарланған.
- «АСЕПТДЕЗИН сауда маркасымен антисептик жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолды тазартуға арналған және барлық санитарлық және сапалық стандарттарға сәйкес келеді. Антисептик құрамында алкоголь, сутегі асқын тотығы және теріні жұмсартатын ингредиенттер бар. Өткен тәулікте Көкшетау минералды суларының негізінде 80 мың литр антисептиктер шығарылды. Осы мақсатта неміс өндірушісі Krones өндірісінің желісі арнайы жөндеуден өтті. Өндіріс көлемі нарықтың қажеттілігі мен шикізаттың жеткізілуіне байланысты, бірақ өндірістік қуаттылық көбірек мүмкіндік береді,-дейді Станислав Максимец.
Asia Waters осындай антисептикті Қостанай қаласындағы спирт зауытында да шығарады. Қазір компания медициналық мекемелер мен мемлекеттік ұйымдардан тапсырыс қабылдап жатыр. Жақында елдегі дүкендерде жаңа антисептик пайда болады. Ұсынылған баға 0,5 литр үшін 1730 теңге, 1 литр үшін 2640 теңге, 5 литр үшін 11 880 теңге болады.
Қолға арналған антисептиктер екі түрлі – құрамында хлор бар және алкоголь. Біріншісі теріге жұмсақ, бірақ алкогольден айырмашылығы, қазіргі жағдайда аз тиімді. Медициналық мекемелер әдетте алкогольді антисептиктерді қолданады. АСЕПТДЕЗИН құрамында глицерин – теріні жұмсарту үшін, және спирт – саңырауқұлақтардан, вирустардан және бактериялардан қорғау үшін қосылған.