spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Төтенше жағдай Ақмола облысында ұлы Абайдың ұлағатын ұлықтауға кедергісін келтірмейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде карантинге қарамастан онлайн режимде Абай жылына арналған іс-шаралар кеңінен бастау алды. Облыс аудандары мен шалғай ауылдардағы зиялы қауым Абай жылын мерекелеуге өз үлестерін қосуда,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Абайдың шығармаларын оқып, зерделеп, тереңін бойлау үшін ешқандай да карантин кедергі келтірмейді. Бұл ақмолалықтардың пікірі.

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдар Абайдың әнін орындап, қара сөзін жаттап, челендждер ұйымдастыруда. Онлайн викториналар өткізіліп, ағартушы мұрасы кеңінен насихатталуда.

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі аудандар мен ауылдағы «Рухани жаңғыру» бөлімшелерімен бірлесіп ауқымды шараларды өткізуде.

Абай шығармашылығы негізінде түрлі бейне-роликтер түсіріліп, челендждер жалғасын табуда.

«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін жатқа оқудан өткен онлайн сайысқа барлық аудандардың бүлдіршіндері қатысқан.

Іс-шараларды өткізуде мемлекеттік мекемелер белгіленіп, #Абай 175 жыл хештегі қойылған.

Бұл ретте облыстағы орталық кітапханалар жүйесінің атқарып жатқан жұмысы орасан.

Бурабай ОКЖ оқырманға электронды форматта қолжетімді болу үшін Абай әндері мен шығармалары, қарасөздері мен өлеңдері және Абай туралы әдебиеттер топтастырылған куэр кодты жасап шығарды.

Целиноград ауданында оқушылар арасында «Жүрегімнен жыр төгіледі» атты онлайн марафон ұйымдастырылды. Ауданның ОКЖ-де Абайдың мұрасын тегін жүктеп алуға болатын 20 шақты сайт туралы мәлімет берілді.

Біржан сал ауданында «Абай даналығы сал –серілер елінде!» атты іс-шаралардың ашылу салтанаты өткізілгені белгілі. Содан бері Абайдың 175 жылдығына арналған виртуалды іс-шаралар, көрмелер онлайн жалғасын тапты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img