spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
9.8 C
Kokshetau

Шортандыда бірқатар ерекше көзге түскен мамандарға марапаттар тапсырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Конституция Күні қарсаңында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шортанды кентінің Ойын-сауық орталығында салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Қабдолла Орынбасаров шортандылықтарды мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен мамандарға алғыс хаттар табыс етті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанды бүкіл әлем қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде біледі. Конституцияны ұстану – мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Біздің борышымыз – Конституцияға ұқыппен қарау және құрметтеу. Осы айтулы күні барлығыңызға жақсылық, амандық және бейбіт өмір тілеймін», – деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Н. Орынбасаров.

Бұл күні орталық кітапхана жүйесі Қазақстан Конституциясының құрылуымен және дамуымен толығырақ танысқысы келетіндерге көрме ұйымдастырды.

Мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты шараны жергілікті әртістердің концерттік бағдарламасы аяқтады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img