spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
6.2 C
Kokshetau

Шортандыда жаңадан балалар ойын алаңы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданында абаттандыру жұмыстары қызу қарқынмен жалғасып жатыр. Әсіресе балалар ойын алаңдарын салуға барынша назар аударылып келеді. Аудан орталығы Шортанды кентінде тағы бір балалар ойын алаңының салтанатты түрде ашылуы осының айғағы, деп хабарлайды «Aqmola News».

Жаңа ойын алаңы Лермонтов көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларында орналасқан.

Салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары М.Т. Ақшалов пен Шортанды кентінің әкімі Ц. Мәмбет, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен балалар қатысты.

Дәстүр бойынша қызыл лента кесіліп, шашу шашылды. Іс-шараға жергілікті кәсіпкерлер «Азия» дүкені және «Қайырымды істер» тобының еріктілері қатысып, балаларға тегін сусындар, балмұздақ және басқа да тағамдар таратты.

Заманауи талаптарға сай келетін жаңа әрі әдемі ойын алаңы жақын маңдағы үйлердің балаларына керемет базарлық болды. Сырғанақтар мен әткеншектер, жасанды көгалдар, воркаут алаңы бар ойын алаңында балалардың физикалық қабілеттерін дамытуға да мол мүмкіндік берілген.

Балалар үшін бой көтерген жаңа ойын алаңы ересектер де жақсы бағалады:

– Балаларға сыйлаған қуанышыңыз үшін аудан басшылығына көп рахмет. Біз осы алаңның ашылуын ұзақ күттік. Міне осы бақытты сәт те келді. Балалар мен ата-аналардан жаңа салынған ойын алаңына мұқият қарауды өтінемін – дейді Г.Шульгина

Шара соңында Галина Васильевна кәсіпкер ретінде Шортанды кентінің тұрғындарына бірнеше рет демеушілік көмек көрсеткені үшін аудан орталығы басшылығынан алғыс хатпен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img