spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-28.6 C
Kokshetau

Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Вугар Ширинлимен татамиге шықты. Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазаримен алға шықты. Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзербайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті. Ә.Сариев Рио паралимпиадасына да қатысып, одан жүлдесіз қайтқан болатын. Енді, міне, бұл жолы күміс медальға қол жеткізіп отыр.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын паралимпиадада Қазақстанның екінші медаль алып тұрғанын болатынбыз.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика