spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
5 C
Kokshetau

Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Вугар Ширинлимен татамиге шықты. Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазаримен алға шықты. Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзербайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті. Ә.Сариев Рио паралимпиадасына да қатысып, одан жүлдесіз қайтқан болатын. Енді, міне, бұл жолы күміс медальға қол жеткізіп отыр.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын паралимпиадада Қазақстанның екінші медаль алып тұрғанын болатынбыз.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика