Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар,-деп хабарлайды Aqmola News Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.
Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істейді.
ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.
Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды:
– ТЖМ-153 қызметкер, 46 бірлік техника,
– ДП-400 қызметкер, 54 бірлік техника,
– №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 бірлік техника,
– №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,
– Ұлттық Ұлан-520 адам және 250 адам резервте.
Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.