spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-27.8 C
Kokshetau

Жамбыл облысында әскери бөлімде жойқын жарылыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме жариялады. Онда өрт сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқаны айтылған.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 26 маусым күні шамамен сағат 19.00-де қоймалардың бірінен өрт шықтын. Өрт соңы белгісіз заттардың жарылуына ұласты. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер тобы жұмылдырылды. Сондай-ақ Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру күші де тартылды», – делінген ведомство мәліметінде.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

«Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған арнайы комиссияны жіберді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде жарылыстың видеолары пайда болды. Әскери бөлімге жақын орналасқан елдімекен тұрғындары түсірген бейнекөріністерден жарылған снаряд дауысынан шошынған жұрттың үйлерін тастай қашып жатқаны байқалады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі Көкшетау қаласында учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алу...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика