spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Әлемде қанша тіл болса, қазақ тілі олардан ешбір кем емес – дөңгелек үстел

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Әділет департаментінде ZOOM қосымшасы арқылы «Тіл- Тәуелсіздіктің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Дөңгелек үстел жиынына «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің, оқу әдістемелік орталығының және Әділет департаментінің және ауданаралық әділет басқармаларының аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық  аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы,Қазақстан халқы тілдерінің күніне орайластырылған іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту.

Жиын барысында бес баяндама оқылып, тіл тарихы,тілді қолдану өзектілігі, іс қағаздарын жүргізу барысында кеңінен қолдану мәселелері талқыланды.

Департамент басшысының орынбасары Гүлмира Акимова дөңгелек үстелге модераторлық ете отырып, тіл құндылығына, оны одан әрі дамыту мәселеріне тоқталды.

Бас баяндамашы әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы Айнагүл Жангулина әлем тілдеріне жалпылама сипаттама жасай келіп, өз ана тіліміздің шығу тарихынан бастап, ата-баба тіліне айналған қазақ тілі туралы өз толғанысын жеткізді.

 

Тілімізді қастерлеп, оны жоғалтпау, өз дәрежесінде қолдана білу ұрпақ алдындағы міндет. Дүние жүзінде қанша тіл болса, қазақ тілі де олардан ешбір кем емес. Біз мемлекеттік қызметшілер, әсіресе, жастар қауымы өз ана тіліміздің дамуына үлесімізді қосуға тиіспіз,-деді Айнагүл Жангулина.

Дөңгелек үстелге қатысушылар  қазақ,орыс, ағылшын, татар тілдерінде түрлі ұлт өкілдерінің өлеңдерін тарту етті.

Жиын соңында жиналғандар тіл тағдырына қатысты олқылықтардың алдын алуға бағытталған бірнеше ұсыныстарын ортаға салды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img