spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмолалық спортшылар Азия чемпионатынан он жүлдемен оралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық қол күресінің шеберлері Азия чемпионатынан олжалы оралды. Жеті алтын және үш күміс медальді қоржынға салған ақмолалықтар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Алматы қаласында армрестлингтен өткен Азия чемпионаты мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен еді. Ақмола облысының намасын «Мерген» спорттық клубының білекті қыз-жігіттері қорғаған. 

Есту органдары бұзылған спортшылар арасында оң және сол қолмен бірдей күрескен Андрей Путинцев, Дмитрий Шубаба және Любовь Гергерт екі мәрте чемпион атанды. Ал тірек-қимыл жүйесі бұзылған спортшылар арасында қарсылас шақ келтірмеген Светлана Лопата оң қолымен күресте алтыннан алқа тақса, сол қолымен күміс медальді қанжығаға салды. Есту органдары бұзылғандар арасында оң және сол қолымен күресте Ринат Ахметов күміс жүлдеге қол жеткізді», – деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика