spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Елордада Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш ашылса деймін – Ернат Мелісұлы

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласында ағартушы, алғаш қазақ мектебін ашқан педагог Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш ашылса игі еді. Бұл пікірді Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай арнайы велошеру ұйымдастырған астаналық белсенді Ернат Мелісұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ыбырай Алтынсаринды қазақтың тұңғыш педагогы ретінде бәріміз білеміз. Ағартушы тұлғаның отандық білім саласында алатын орны ерекше. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласында әлі күнге дейін аталған тұлғаға ескерткіш қойылмаған. Көше бар, оның өзі кішкентай бар-жоғы 700 метр, айтулы тұлға үшін бұл көше лайықты емес деп ойлаймын. Халық тағзым етіп, гүл шоғын қоятын арнайы ескерткіштің болғаны абзал. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл, жаңа елордамыз болғалы 20 жылдан асты, осы орайда Ыбырай Алтынсаринге елорда төрінен ескерткіш қойылып, көрікті әрі кең көше атауы берілсе деген ұсыныс бар. Шүкір, елордамыз жыл санап кеңейіп келе жатыр, жыл сайын үйлер мен ғимараттардың саны артып, тиісінше жаңа көшелерде пайда болып жатыр. Сондықтан жаңа әрі кең көше табу мәселе емес деп ойлаймын. Бұл лайықты іс», – деді елорда тұрғыны Ернат Мелісұлы.

Айта кетсек, астаналық белсенді азамат ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай арнайы велошеру ұйымдастырды. Бүгін құрамында 5 адамнан тұратын әуесқой велосипедшілер елордадан Қостанайға жолға шықты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img