spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтанға өтіп кетпек болған екі ақмолалық ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Төтенше жағдай режимін бұзуға талпынған екі ақмолалық қамауға алынды, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласына өтіп кетпек болған Целиноград ауданының екі азаматы сәуірдің төрті күні тәртіп сақшыларының құрығына ілінді.

Төтенше жағдай кезінде заңсыздық жасаған ақмолалықтарға қарсы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабымен хаттама толтырылды. Осыдан кейін Целиноград аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушылар 7 тәулікке қамауға алынды, – деді баспасөз қызметінен.

Ақмолалық полицейлер карантин кезінде елдегі тәртіп ережелерді бұзбай, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына қарсылық көрсетпеуге және халықтың денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика