spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-7.8 C
Kokshetau

Көкшетауда техникалық және кәсіптік білім берудің заманауи үрдістері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда облыстық тамыз кеңесі аясында онлайн режимінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының «Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи үрдістердің өзектілігі» секциясының отырысы өтті,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Секция жұмысына Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, білім басқармасының мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, колледж басшылары қатысты.
Отырысты Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Г. Гамазов ашты. Валерий Георгиевич секция отырысының қатысушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ТжКБ жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды атап өтті.

Колледж директорлары Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы К. А. Мухамеджанова таныстырған білім беру ұйымдарын аккредиттеу мәселелерін қызығушылықпен тыңдады. Ақмола облысы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Г. К. Кусаин бизнес пен білім арасындағы заманауи өзара қарым-қатынас туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Колледждерді жаңғырту, басқарудың жаңа стилі, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің директоры А. М. Кожаков, Красный Яр а., агротехникалық колледжінің директоры С. О. Сейткалиева, Біржан сал атындағы музыкалық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. А. Шакубаева айтып өтті.

Ұйым басшылары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «әріптестік институтты» қалыптастыру, заманауи менеджментті дамыту, «Жас маман» жобасын енгізу мәселелерін талқылады.
Отырыс қатысушылары білім беруді жаңғырту білікті кадрларды даярлаудың кепілі болып табылады деген ортақ пікірге келді.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша директорлар кеңесі ұсынымдар қабылдады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img