spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада жоғалған 100 бас қой көрші облыс аумағынан табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық учаскелік полиция қызметкері жоғалған отар 100 бас қойды көрші Солтүстік Қазақстан облысынан тапты,-деп хабарлайды  «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Зеренді ауданының полиция бөліміне 100 бас қойдың жоғалғаны туралы арыз ағымдағы жылдың 12 тамызында сағат 15.00-ден кейін келіп түсті. 45 жастағы жергілікті тұрғынның айтуынша, мал 4 күн бұрын жайылымнан жоғалып кеткен, алайда иесі сәтсіз іздеуден кейін полицияға жүгінген.

«Жоғалған малды іздеу үшін дереу аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды, сонымен қатар іздестіру іс-шараларына отар иесінің өзі де қатысты.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Зеренді ауданының ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторы аға лейтенант Асқар Өмірзақов жоғалып кеткен отарды жоғалған жерінен 55 шақырым жерде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңында тапты. Қазіргі уақытта барлық 100 бас қой заңды иесіне қайтарылды,-делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Ауыл тұрғыны полицейге шын жүректен алғысын білдіріп, қызметіне табыс тіледі.
2013 жылдан бастап Зеренді ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы аға лейтенанты Асқар Оразбекұлы Өмірзақов полиция органдарында қызмет атқарады. Учаскелік инспектор қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде халықтың саны 3002 адам болатын Ақкөл және Ортақ ауылдық округтері орналасқан.

Айта кету керек, тұрғындар учаскелік инспекторды өте жауапты және адал қызметкер ретінде таниды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img