spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Бақтияр Артаев Олимпиада жөнінде: Біз әдеттегідей бас бапкерге сендік

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Токиода өткен Олимпиадада қазақстандық боксшылардың алтын медаль алмауына не кедергі болғаны туралы сұралды.

«Әр нәрсені өз атауымен айтатын уақыт келді ғой. Осы орайда сәтсіздік деген орынды болар, яғни өте төмен нәтиже. Еліміздегі 19 млн жанкүйер бар екенін ескерсек, көшедегі адамдар бокстың ахуалын талқылап жатыр. Сондықтан өте нашар көрсеткіш. Бұл жерде ешкім ешкімді ақтайын деп жатқан жоқ, өзімізді ақтаудан аулақпыз. Жігіттер қолынан келгенін бәрін істеді. Ашығын айту керек, біз әдеттегідей бас бапкерге сендік. Бұл тұрғыда осы сөзіммен бас бапкерге бүкіл жүкті ысыра салып, өзіміз судан тазамыз деп айтудан аулақпын. Бұл ретте жүйелі жұмыс жасалды, бүкіл жарыстарға барып, оқу-жаттығу жиындары өтті», – деді Б. Артаев.

Осы орайда Токида боксшылар екі қолаға қол жеткізгенін, алайда Рио Олимпиадасындағыдай нәтиже болмағанын еске салды.

«Мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмағаннан кейін, қазір енді сараптама жұмыстарын жүргізу керек. Көп сұрақ туындады, үш бала өз орнына бара алмады деген уәж айтылды», – деді Бақтияр Артаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img