spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
15.3 C
Kokshetau

Көкшетау қаласының әкімі тұрғындарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында өңірде дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Қала әкімі Амангелді Смайылов Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйлер мен аулаларды тазартуға қолдау көрсетуге шақырды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Шаһар басшысы өзінің инстаграм парақшасында көкшетаулықтарға үндеу жариялады.

-Құрметті көкшетаулықтар! Коронавирус пандемиясының таралуынан қауіп төнуіне байланысты қаланың шағын аудандарында аулаларды дезинфекциялау бойынша жұмыстар күшейтілді. Қазір Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы қаланың 600-ден астам көп қабатты тұрғын үйлерін зарарсыздандыруда.

Алайда мұндай үлкен жұмысты азғантай ғана адамдармен атқару оңай емес. Сондықтан осынау сын сағатында қаланың әрбір тұрғыны бірігіп, бастама көтеріп әрекет етуі қажет. Денсаулықты сақтау көп жағдайда адамның өзіне байланысты емес пе?!. Көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын барлық тұрғындарды кесте құрып, өз подъездерін дезинфекциялауға қатысуға шақырамын. Қала әкімдігі сіздерді қажетті жеке қорғаныс және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етуге әзір. Ол үшін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін +7701 299 47 67 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз, – деді Амангелді Смайылов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика