spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

11 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республиканың солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы ауа райына әсерін әлі де сақтауда. Осыған байланысты солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда найзағай мен бұршақ, кей жерлерде тұман түседі. Еліміздің қалған өңірлерінде айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыс аудандарда қатты ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болып, 15-20 м/с шамасында жел соғады. Жамбыл облысында шаңды дауыл болады.

Күндіз Қызылорда, Батыс Казақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img