spot_img
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
-15.7 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері инсульт алған қарт әйелді ауруханаға жедел жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері инсульт алған қарт әйелді облыстық ауруханасына жедел жеткізуге көмектесті,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің ведомстволық парақшасының директіне облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны Марат жүгінді, автоәуесқой ағымдағы жылдың 6 тамызда сағат 17.00 шамасында автокөліктің салонында оның 68 жастағы әжесінің хал-жағдайы кенеттен нашарлап, инсульт болғанын айтты.
Егде жастағы әйелдің қан қысымы жоғары көтеріліп, жүргізуші сол кезде Назарбаев даңғылы бойымен келе жатып, өкінішке орай, оның авкөлігі басқа автокөліктердің кептелісінде қалды.
«Кенеттен әжемнің денесінде құрысулар пайда болды және ол есінен танып қалды…», – деп бөліседі жазылушы. Бақытымызға орай, осы сәтте 3041 патрульдік полиция экипажының қызметкерлері, патрульде жүрген полиция капитаны Әскербек Қасымов пен кіші лейтенант Қонысбек Естаевты көрді және жас жігіт олардан көмек сұрады.
Полиция экипажы жарқылдауық маяктарды қосып, автокөліктегі науқасты Ақмола облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне алып барды.
Сонымен қатар, абонент кейінірек телефон арқылы айтқанындай, полициейлер «әжесін көтеріп, зембілге салып, оны қабылдау бөлмесіне жеткізуге көмектесті».
«Оларға зор алғысымды білдіремін, денсаулық пен табыс тілеймін. Халық өз батырларын білсін деп жазамын», – деді қала тұрғыны.
Қазіргі уақытта абоненттің туысы емдеуді жалғастыруда және өзін әлде қайда жақсы сезінеді. Өз кезегінде полицейлер әжесіне тезірек сауығып кетуін тіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика