spot_img
Бейсенбі, Шілде 2, 2026
15 C
Kokshetau

Степногор маңында дала өрті 40 гектар аумаққа жайылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Степногор қаласының маңында дала өрті тұтанды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

6 тамыз күні сағат 17.30 кезінде Қарабұлақ ауылының шетінде құрғақ шөп өртенген. Қызыл жалын шамамен 40 гектар аумақты шарпыды.

«Түнгі 22.05 кезінде дала өрті ауыздықталды. Өртті сөндіру одан кейін де біраз уақытқа жалғасты» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары, атап айтқанда 16 қызметкер мен 4 техника жұмыс істеді.

Сонымен қатар «Степногор орман шаруашылығы» мекемесінен 6 жұмысшы мен 2 техника көмекке келді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жергілікті атқарушы органдар тағы 21 адам мен 8 техника жолдаған. Орманға және жақын маңдағы елдімекендерге ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика