spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Мамандық бойынша 30 жыл» жобасы жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Мамандық бойынша 30 жыл» жобасы іске асырылуда. Жоба түрлі мамандық иелері туралы сұхбат сериясын шығаруды көздейді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жобаның кезекті кейіпкері Степногорск қалалық емханасының терапевт – дәрігері Жәмила Ермекова болды.

Жәмила Меңлібайқызының айтуынша, ол медицина саласында 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді және осы мамандықты таңдағанына қуанышты.

«Мен Өзбекстанда дүниеге келдім. Бала кезінен дәрігер болуды армандадым. 1984 жылы мектепті сәтті бітіріп, Самарқанд қаласының медициналық институтына «Емдеу ісі» факультетіне түсіп, 1990 жылы бітірдім. Еңбек жолын Кенимех ауданының емханасында бастадым, учаскелік дәрігер болып жұмыс істедім. Бірнеше жыл Зарафшан қаласында дәрігер болып жұмыс істедім. 2005 жылы отбасымен Қазақстанға, Степногорск қаласына көшіп келдім, онда 16 жылдан бері қалалық емханада учаскелік дәрігер болып жұмыс істеп келемін», – деді Жәмила Меңлібайқызы.

Сұхбатында кейіпкер отбасы туралы да айтты.

«Менің үлкен отбасым бар. Жұбайым екеуміз үш ұл тәрбиеледік. Барлығының жоғары білімі бар. Екі ұл мамандығы бойынша тау-кен инженерлері. Кіші ұлымыз ағаларының ізімен жүріп, елордадағы Агротехникалық университеттің бірінші курсын бітірді. Екі немерем бар. Мен бақытты адаммын деп айта аламын, өйткені менің сүйікті отбасым және жұмысым бар», – деп бөлісті Жәмила Меңлібайқызы.

Әңгіме барысында кейіпкер мүмкіндікті пайдалана отырып, отандастарын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, ашық аспан, Отанымыздың одан әрі гүлденуіне тілектеспін. Әр отбасына бақыт пен амандық тілеймін», – деп қорытындылады Жәмила Ермекова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img