spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
6 C
Kokshetau

Астрахан ауданының Каменка ауылында жаңа көпфункционалды балалар алаңы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Астрахан ауданының Каменка ауылында көпфункционалды балалар спорт және ойын алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Нысанның ашылуы ауылдың 85 жылдығына орайластырылған. Заманауи көпфункционалды балалар алаңы «Байду Агро» ЖШС қаражаты есебінен салынды.

Алаңның ашылу салтанатына Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұқанов және «Байду-Агро» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Глашев қатысты.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ауданымызда жастар мен балалар үшін жаңа заманауи демалыс нысандары ашылғаны қуантады. Бүгін осындай керемет оқиға Каменка ауылында өтіп жатыр, биылғы жылы ауылдың құрылғанына 85 жыл толады. «Байду-Агро» ЖШС директоры Глашевқа Ерболат Оралбайұлына қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысқаны және кіші отанның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді», – деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Руслан Мұқанов.

Көпфункционалды алаң футбол алаңын, түрлі ойын алаңдарын және street workout алаңын қамтиды.

Іс-шараға қатысушылар үшін ауыл жастарының өкілі Сергей Сидоров турникте көрсетілім нөмірін көрсетті.

Қазіргі уақытта Каменка ауылында 700-ден астам адам тұрады. Ауылда мәдениет үйі, мектеп, пошта, сауда орталығы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге маманданған «Байду-Агро» ЖШС жұмыс істейді.

Айта кетейік, мерейтойлық жылы облыста 10 инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 60 индустрия және әлеуметтік сала нысандарын ашу жоспарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img